ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Алтын күз әсем айналам, еліне береке сыйлаған» атты Алтын күз мерекесі өтті

24.10.2018 жылы «Қызғалдақ»  ІІ кіші тобында  «Алтын күз әсем айналам, еліне береке сыйлаған» атты Алтын күз мерекесі өтті.

 

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін  ұғындыру, күз айларын білу, күзгі өнімдерін таныстырып  ғана қоймай, оларда қанша дәрумендер, ағзаға пайдасы бар екенін түсіндіру.

 

Жауапты  осы топтың тәрбиешісі Жаинбаева Несип Ахметовна  мерекені жүргізді. Балалар     күз жайында тақпақтар айтып, ән салып, би билеп ойындар ойнап мерекелік көңіл күйлерін көтерді.  Қонаққа «Күз ханшайымы» және  суық тиіп қалған ханшайымды емдеуге дәрігер келді. Сондай-ақ  ата-аналар да ойынға қатысып көрермендерді қуантты. Мереке соныңда  «Күз Ханшайымы»  балаларға күзгі сыйлықтарын таратты.