ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні»

Көктем келді, онымен  бірге «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі де келіп жетті.  2018 жылдың 2 наурызынан 3 наурызына дейін жылдық  жоспарға сәйкес Аналар мен әжелерге арналған ертеңгіліктер  өткізілді. Балалар бұл күнді асыға күтті.

I кіші «Балдырған» тобында «Аналар мәңгі жасасын»  тақырыбында ертеңгілік  өткізілді. Балабақшаның ең кішкентай бүлдіршіндері тақпақтар айтып, ән салды, аналар мен әжелерге арнап әдемі билерін билеп берді.  Ертеңгіліктің  мақсаты - балаларды аналарын құрметтеуге баулу, олардың өлеңдері, әндері мен билері арқылы оларға деген сүйіспеншілігін жеткізу.

 

 

Ортаңғы «Балапан» тобында  «Анамның  күлімсіреуі» тақырыбында ардақты аналарға арналған ертеңгілік  өткізілді. Балалар бұл күнді асыға күтті. Олар шын мәнінде өздерінің аналарын, әжелерін, әпкелері мен балабақша педагогтарын  керемет мерекемен құттықтағысы келді. Қыздар мен ұлдар өздерінің аналары мен әжелерін құттықтап, мерекелік өлеңдерін айтып, ән шырқады, би биледі. Ата-аналар ертеңгілікке белсене араласып отырды, қызығушылық танытты. Мереке соңында балалар өздерінің қолымен жасаған сыйлықтарын аналары мен әжелеріне тарту етті.

 

 

Ортаңғы «Кызгалдак» тобында аналар мерекесі  өте жоғары  дәрежеде өтті. Ертеңгіліктің кейіпкері Карлсон балаларды құттықтап, балалардың ойынына белсене қатысты. Аналар да, әжелер де балалармен бірге ойын ойнап, аналарына қуаныш сыйлады. Ұл балалар «Әжелер» әзіл биін, қыз балалар «Әдемі гүлдер » билерін билеп аналарына қуаныш сыйлады. Аналар да, әжелер де, балалар да бірге шаттанып, қуанып өздеріне мерекелік әсер қалдырды.  Аналар  өз қолдарынан костюмдер әзірлеп, дефиле ұйымдастырды. Дайындаған киім үлгілері көрермендердің көңілінен шықты.

Ата-аналар «Айсүлу» ұжымына тәрбиешілеріне  шексіз алғыстарын білдірді.

           Ардақты аналарға арналған ертеңгіліктер  таңғажайып, керемет және жарқын болды!