ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Көңілді жәрмеңке» акциясы

2018 жылдың  20 ақпан күні

КММ «Маруа Құлышева атындағы балалар үйінде»

«Көңілді жәрмеңке» акциясы өтті.

 

Ағымды жылдың 20 ақпан күні КММ «Маруа Құлышева атындағы балалар үйінде»  «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында қайырымдылық акциясын өткізді.  Бұл қайырымдылық акциясына Бастауыш партия ұйымы «Нұр» атынан КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының» ұжымы да бұл ауқымды іс-шарадан қалыс қалған жоқ. Бұл «Көңілді жәрмеңке» атауына ие болған іс-шарада балалардың өздері пісірген тәттілері ұсынылды. Тәрбиесі тереңде жатқан мағыналы іс-шараға келген қатысушылар балалардың еңбегіне өз бағаларын беріп қана қоймай, алғыстарын білдірді. Болашақ өмірде өз дара жолдарын табуға тілек тіледі.  

Жарқын іс ешқашан да көп болмайды. Әлі де талай мерейлі істер өз жалғасын таппақ. Оны балалар біздер секілді үлкендермен  бірге сезінулері қажет. Сондықтан да, осындай қайырымы мен берекесі бірге жүретін  бастамалардан қалыспаған жөн.  Алдағы уақытта ұйымдастырғалы тұрған осындай қайырымдылық акцияларға бір кісідей ат салысайық.