ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайында «Балабақшада М.Монтессори әдісін қолданудың пайдасы» атты ата-аналарға арналған кеңес өткізілді.

Жаңа технология М. Монтессори – балабақшада М.Монтессори педагогикалық технологияларын балабақшамызда ендіру. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақ - білімді ұрпақтың қолында» демекші, еліміздегі білім беру жүйесін дамыту саласында, жалпы білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуде мектепке дейінгі білім және тәрбие беруде жаңа инновациялық технологияны, соның ішінде М.Монтессори технологиясын пайдаланған балалар үшін ұтымды.

 

Осыған байланысты біздің балабақшамызда ағымды жылдың 30 қаңтар күні ерекше білімді қажет ететін балалардың ата-аналарына «Балабақшада М.Монтессори әдісін қолданудың пайдасы» атты кеңес берілді. Бұл кеңесте ата-аналарға балаларының жан-жақты дамуына септігін тигізетін осы әдістің бар қыр-сыры айтылды.