ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Мен бәрін білгім келеді» атты қалалық зияткерлік байқауы өтті.

Балалардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамытуға, зерттеушілік бағытты игеруге, алған білімдерін өмірде қолдана білуге ықпал ету мақсатында «Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ-нің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 5-6 жастағы балалар арасында 2018 жылдың 30-31 қаңтар аралығында «Мен бәрін білгім келеді» атты қалалық зияткерлік байқауын өткізді.

 

Бұл бәйгеге КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайынан екі бүлдіршінді қостық. Олар: ортаңғы «Қызғалдақ» тобының тәрбиеленушісі Жолдасбек Ескендір және «Балапан» тобының тәрбиеленушісі Чирчикова Інжу. Бұл додада бүлдіршіндеріміз зияткерлік және коммуникативті қабілеттерін, танымдық белсенділігін таныта білді. Ортаңғы «Балапан» тобының тәрбиеленушісі Чирчикова Інжу «Бәрін білгім келеді» қалалық зияткерлік байқауында ерекше танымдық қабілеттілігін көрсеткені үшін «Қызығушылығы жоғары» номинациясымен марапатталды.