ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік»

Тәуелсіздік күні қарсаңында КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайында «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік»  атты мерекелік іс-шара өтті.

Топ тәрбиешілері  «Тәуелсіздік - желтоқсанның жемісі» тақырыбында   тақырыптық сабақтар өткізді.

Балабақша педагогтары  «Тәуелсіз елім-мақтанышым» атты көрме ұйымдастырып, көрмеге өз қолдарынан жасаған заттарын ұсынды.  

Осы айтулы мерекеге байланысты ортаңғы «Балапан» тобында 2017 жылдың 15 желтоқсан күні  «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» атты  ертеңгілік өтті.  Ертеңгілікке балдырғандар белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Үш тілде тақпақтарын  айтып, ән салды,  қазақтың ұлттық билерін биледі, Қайрат Рысқұлбековтың өлеңдерін оқыды. Іс-шара мақсаты патриоттықты, Отанға деген сүйіспеншілікті, балалардың қоғамның мәдени және шығармашылық өміріне қатысуға ұмтылысын тәрбиелеу. Іс-шара ойдағыдай өтті.