ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Алтын күз»

КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайында 2017 жылдың 24 қазан мен 26 қазан аралығында бірінші, екінші кіші топтарда, ортаңғы және ересек топтар арасында «Алтын күз» атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікте бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетті.


Балалар «Алтын күз» мерекесіне арналған тақпақтарын айтып, «Жапырақтар», «Қолшатыр»,«Жаңбыр», «Флешмоб» билерін биледі. Балалар күз мерекесіне арналған түрлі ойындарды қызыға, тартыса ойнап және «Осень наступила», «Осень раскрасавица», «Күзгі жаңбыр», «Күз» әндерін шырқап, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл –күй сыйлады. Мерекенің соңында қонаққа келген Күз ханшайымы балаларға күздің сыйы ретінде жемістерді сыйға тартты.

 

 

 

 

 

Ортаңғы «Қызғалдақ» тобының бүлдіршіндері әртүрлі жеміс-жидектердің кейпінде әдемі киініп, тәрбиелік маңызы бар шағын сахналық қойылым қойды, үш тілде тақпақтарын ұсынды. Ән салып, би биледі және ойындар ойнады. Балалар мен ата-аналар күз мерекесіне арналған түрлі ойындарды қызыға, тартыса ойнап, көңілді көтеріңкі көңілмен ертеңгілікті аяқтады. Ата-аналар педагогикалық ұжымға алғыстарын айтты.

«Балдырған» І кіші топта  күз мезгіліне арналған мерекелік ертеңгілікте балаларға арналған қуыршақ театры өтті. Педагогтар бүлдіршіндерге «Шалқан» ертегісін сахналады. Ертеңгілік балалардың жас ерекшеліктеріне сай өткізілді. Ертеңгілік барысында балалар күз мезгілі жайлы тақпақтарын айтып, би биледі, ойын ойнады.

 

 

«Айналайын» II кіші тобында «Күз – мереке, күз – береке» тақырыбындағы ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілік барысында балалар өздерінің өнерлерін де, білімдерін де жоғары деңгейде көрсете білді. Ертеңгіліктің жоғары деңгейде өтуіне ата – аналар да ат салысты. Мерекенің соңында қонаққа келген  Күз ханшайымы  балаларға күздің сыйы ретінде жемістерді сыйға тартты.