ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Рухани келісім күні» аясында өткізілген іс-шаралар есебі

Қазақстанда Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылдан бастап атап өтуде. 1992 жылы 18 қазанда Алматыда Әлемдік Рухани Келісім конгрессінің бірінші сессиясы болып өтті. Сол уақыттан бастап 18 қазан - Рухани Келісім Күні деп жарияланды, бұл күнді шиеленістер мен қақтығыстарға мораторий күні, татулықты іздеу, адамдар арасындағы өзара түсіністік қалыптастыру күні, қайырымдылық пен жақыныңа көмек күні деп таныды.


Аталмыш мерекеге орай КМҚК «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайында бейнелеу өнері мұғалімі Доскенова Э.Ж. балаларға елдің бірілігі мен бейбітшілгін сақтау маңыздылығын түсіндіріп, балалар арасында «Бүкіл әлемнің достығы» атты сурет көрмесін ұйымдастырды.


Оған қоса, еліміздің қоғамдық саяси өміріндегі бұл іс-шараның рухани-әлеуметтік маңызы ескеріле отырып дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелді өткізу барысында «Қазақстан 2050 стратегиясы», Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жж арналған тұжырымдамасы», «Болашаққа 100 қадам», «Латын әліпбиінің ұсынылған жобасы» атты тақырыптарда баяндамалар оқылып, сұрақтар қойылып, талқыланды. Қайта жаңғыру заманындағы барлық озық технологияның үлгісі болып отырған латын әліпбиіне көшу бұл – еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құбылыс екенін ескере отырып, педагогтар арасында қызу талқылау жүргізілді. Отырыстың аяғында әрбір педагог латын қарпінде бір-бірлеріне деген жылы лебіздерін білдіріп, тілектер жазды.