ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Отбасы – бақыт мекені»

Отбасылық құндылықтарды, оның имиджін қалыптастыру, сонымен қатар, салауатты өмір салтын сақтау мақсатында КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайында 2017 жылдың 5 қыркүйегінен бастап 11 қыркүйегіне дейін  Отбасы күніне арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты апталығы өтті.

Аталмыш апталық барысында «Отбасы күніне» орай  топтарда  «Отбасым – байлығым» және «Отбасым –алтын бесігім» атты стенд-газеттер жасалды. Осы тақырып аясында адам өміріндегі отбасының маңыздылығы жайлы сөз қозғалды, ата – аналармен кездесулер ұйымдастырылып, «Отбасы – Отанымыздың ошағы» атты трениг өткізілді. Ата – аналарға арналған «Сіз қандай ата-анасыз?» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Ата – аналармен «Отбасы – рухани жаңғырту негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.       «Отбасымның бейнесі» атты тақырыбы бойынша сурет байқауы өтті. Отбасы күні аясында ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған қайырымдылық акциясы  ұйымдастырылды.  

Спорт шаралары да назардан тыс қалған жоқ.  «Әке, шешем және мен» атты спорттық сайыс өткізілді. Командалардың жанкүйерлері барынша демеу жасап, қолдау көрсетіп, ойыншыларды ыстық ықыластарымен жігерлендіріп отырды.  Балалар да, ата-аналар да жақсы әсер алып қайтты. Қатысқан отбасыларына сыйлықтар мен грамоталар берілді.

Отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Отбасы және мен», «Құрмет – берік отбасының негізі» тақырыбында презентация көрсетілді.  

Ата – аналарға арналған «Баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін отбасының атқаратын рөлі» тақырыбында семинар өтті. Балалар арасында мәнерлеп оқу сайысы, флеш-моб ұйымдастырылды. Іс-шаралардың барлығы қызықты өтті. 

Апталықты  аяқтай келе, КМҚК №8 «Айсұлу» Инклюзивті бөбекжайының  жұмыс пен отбасын қатар алып жүрген бақытты жандары бір –біріне жылы лебіздерін білдіріп,  алдағы уақытта қызметтеріне сәттілік тіледі.