ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АЙСҰЛУ» БӨБЕКЖАЙЫ» КМҚК
0
«Сабынды көпіршіктері»

20.06.2017 жылы №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында балаларды жазғы сауықтыру және қуанышты көңіл-күй сыйлау мақсатында «Сабынды көпіршіктер» атты тақырыпта жазғы ойын-сауық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға барлық топ балалары қатысты. Әр түрлі ойындар, сергіту сәттері болды. Қонаққа «Дымбілмес пен Сиқыршы» келді. Балалар олардың аттарын атап, олармен көңілді ойындар ойнады. Балалар әр түрлі көпіршіктерді шығаруды үйренді. Ойын сауық бүлдіршіндерге қатты ұнады және көңіл – күйлері өте жоғары дәрежеде болды.