«Таңғажайып алаң»
Біздің ҚМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында 17 сәуір күні «Қызғалдақ» ІІ кіші тобында «Таңғажайып алаң» тақырыбында «Сөйлеуді дамыту», «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру», «Жаратылыстану», «Көркем әдебиет», «Құрастыру» (бірлескен сабақ) бөлімдері бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі өтті.
«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»
Біздің ҚМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында 16 сәуір күні «Қызғалдақ» ІІ кіші тобында «Бауырсақ ертегісімен саяхат» тақырыбында «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» (бірлескен сабақ) бөлімі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі өтті.
«Әдемі көбелектер»
Жылдық жоспарға сәйкес 16 сәуір мен 26 сәуір аралығында № 8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайында ашық қорытынды ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілуде. Алғашқы болып «Балдырған» Ікіші тобының тәрбиешісі Ысқақ М.С бастады.Тәрбиеші М.С.Ысқақ ҰОҚ тақырыбы «Әдемі көбелектер» Мақсаты: балаларға сенсорикалық танымды, логикалық ойлау қабілетін, тез ойлауға қызығушылығын дамыту, тілдік қорын дамыту. Тосын сыйға Көбелек келді. Жас ерекшеліктеріне сай таңдалған тапсырмаларды балалар орындай білді. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында дәстүрлі емес сурет салу техникасын пайдаланды, балалар тыныс алу жаттығуын да жасады. ҰОҚ соңында балалармен сиқырлы рефлексия жасалды. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың қызығушылығы сақталды және ұзақтығы балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес.
«Қош келдің – Наурыз»
КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылдың 19 наурыз күні ересектер «Балапан» тобында «Қош келдің – Наурыз» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте балаларға қонаққа Наурзы қыз бен Алдар Көсе келді. Кейіпкерлер балалармен көптеген ұлттық ойындар ойнады. Ұлттық салт-дәстүрлер туралы ата-аналарға сұрақтар қойып, ата-аналардың да білімдерін тексерді. Ертеңгілік өз деңгейінде өтті.
«Отбасында наурыз мейрамын қалай қарсы аласыздар?»
КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының «Наурыз» мейрамына арналған іс-шаралар жоспары негізінде 2019 жылдың 18 наурыз күні қазақ тілі мұғалімі Ахметбекова С.К. ересектер «Балапан» тобының тәрбиеленушілерімен «отбасында наурыз мейрамын қалай қарсы аласыздар?» тақырыбында әңгіме өрбітті. Іс-шара барысында балалар Наурыз мерекесінің шығу тарихымен танысып, қана қоймай, отбасы мүшелерінің мейрамға қалай дайындалатынын айтты.
«Айналайын» тобында Наурыз мейрамына арналған іс-шара өтті
2019 жылдың 19 наурыз күні КМҚК №8 «Айсұлу» инклюзивті бөбекжайының ортаңғы «Айналайын» тобында Наурыз мейрамына арналған іс-шара өтті. Ортаңғы тобының бүлдіршіндері «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертгісін сахналады. Балалар өз рөлдерін өз деңгейінде сомдай білді. Ертегі желісін көрермендерге жеткізе алды.